Алматыда жаңа веложол ашылды
inform.kz
Жалпы, қалада 79,2 шақырым велоинфрақұрылым салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Сейфуллин көшесінің бойында жаңа веложол ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда Сейфуллин көшесінің бойында, яғни, Бөгенбай батыр көшесі мен Абай даңғылы аралығында батыс бағыттағы жолдарды орташа жөндеу аясында веложол салынған.
«Жалпы, қалада 79,2 шақырым велоинфрақұрылым салынды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында веложолдарды автокөліктердің жүріс бөлігінен бөлу үшін 2 мыңнан астам жол блокаторы орнатылды»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Жаңа веложолдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37