Яндекс.Таксидің ісі сотта қаралып жатыр

 Almaty.tv
Almaty.tv
Екі тергеудің біреуі тоқтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Яндекс.Таксидің ісі сотта қаралып жатыр. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мамандары аталған компанияға қатысты жүріп жатқан екі тергеудің біреуі тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Яндекс.Такси» қызметін асыра пайдаланып, тарифті қолдан қымбаттатуы мүмкін деген күдікке ілігіпті. Мұндай күмәннің тууына себеп бар. Өйткені қыркүйек айында Алматы қаласында жолаушылар аталған қызметтің тым қымбат екенін айтып, шағымданған еді.

«Яндекс.Такси» қызметіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі тергеу ісі басталған еді, оның біреуі тоқтатылды. Сонымен қатар, тергеу аясында сот процесі қатар жүріп жатыр. Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануына байланысты, яғни клиенттерге қызметті жөн-жосықсыз ұсыну. Екінші тергеу амалы бағаны қолдан көтеру фактісі бойынша жүріп жатыр. Алғашқы факт бойынша тергеу шарасы тоқтатылды. Ал бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр», – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов.

Новости партнеров