Автонесие бойынша қандай көлік сатып алуға болады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бойынша 30-ға жуық көлік қарастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы айдың аяғында Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеуді қайта бастау жоспарланып отыр. Енді қандай көліктерді жеңілдетілген несиемен рәсімдеуге болады? 

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бойынша 30-ға жуық көлік қарастырылған. Дегенмен, елдегі экономикалық жағдайға байланысты бірнеше көлік маркалары бұл тізімде болмауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

LADA GRANTA

Бағасы - 4 690 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.6 литр

Бұл көліктің 5 класы бар: стандарт (механика), классик (механика), люкс (механика), комфорт (автомат) және люкс (автомат). Ең арзаны - стандарт, 4 690 000 теңгеден басталады. Оның пакетінде жүргізушіге арналған қауіпсіздік жастығы, ABS + BAS және қосалқы дөңгелегі бар. LADA Granta стандарт көлігінде 90 аттың күші бар.

CHEVROLET COBALT

Бағасы - 5 990 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.5 литр

Бұл көліктің 3 класы бар: оптимум (механика), оптимум (автомат) және элегант (автомат). Ең арзаны - оптимум (механика), 5 990 000 теңгеден басталады. Мұнда жүргізуші мен жолаушының қорғаныс жастығы, есіктің бұғатталуына қарсы жүйе және балалар орындығын бекітуге арналған ISOFIX бар. Сонымен қатар, ABS, Era-GLONASS төтенше ескерту жүйесі, MP3, AUX, және Bluetooth орнатылған. Бұл санаттағы көлікте 106 аттың күші бар.

HYUNDAI ACCENT

Бағасы - 7 090 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.4 және 1.6 литр

Бұл көліктің 3 класы бар: актив+, комфорт және элеганс. Дегенмен, бұл көліктің пакеттері клиенттің тапсырысы бойынша өзгертіліп отырады. Ал базалық жинақта шаңға қарсы сүзгісі бар кондиционер, алдыңғы орындықтарды жылыту, Bluetooth, электронды аудиожүйе, қосымша құрылғыларды зарядтауға арналған USB порты және 5" дисплейі бар аудиожүйесі (Radio + RDS) бар.

KIA RIO

Бағасы - 8 190 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.6 литр

Бұл көліктің 6 класы бар: классик, комфорт, люкс, стайл, престиж және премиум. Ең қымбаты - 10 190 000 теңге. Көліктің базалық жинағында кондиционер, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, ABS, ESS және аудиожүйе бар.

JAC J7

Бағасы - 8 590 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.5 литр

Бұл көліктің 4 класы бар: comfort, comfort BR, luxury, luxury BR. Атап өту керек, көліктің барлық пакетінде турбо бар. Жүксалғыш көлемі - 520 литр. Сонымен қатар, мұнда 10,4" мультимедиа экраны, Apple Airplay және Android Auto қолдауы бар қосымша, артқы көрініс камерасы, климат және круиз бақылауы бар.

RENAULT DUSTER

Бағасы - 8 590 000 теңгеден жоғары

Шыққан жылы - 2022

Көлемі - 1.6 литр

Бұл көліктің 3 класы бар: лайф, драйв және стайл. Көліктің бағасы 12 897 000 теңгеге дейін барады. Мұнда климат және круиз контроль, жолға бейімделген рөл, 360 градусты шолу камералары, 6 қауіпсіздік жастығы бар.

Бұған дейінгі бағдарлама бойынша қолжетімді болған Hyundai Tucson, Chevrolet Malibu, Skoda Octavia, Peugeot 508 көліктері бұл тізімге енген жоқ, себебі қазіргі автонесие шарты бойынша бұл көліктердің құны қолжетімді емес.

Дәл қазіргі уақытта KIA Cerato және Hyundai Elantra көліктерінің нақты бағасы белгіленіп жатыр.

Еске салайық, отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на 100 миллиард теңге бөлді. Кейінгі 3 ай ішінде 15 мыңнан аса қазақстандық жаңа бағдарлама бойынша өтінім жасаған.

Новости партнеров