|
27.01.2020 | 15:25
5769

Алматыда «Сергек» орнатылғалы бері 22 күнде 4500-ден астам жол ережесі бұзылған

Биыл «Сергектің» қосымша 360-тан астам постысын орнату жоспарланған

Алматыда «Сергек» орнатылғалы бері 22 күнде 4500-ден астам жол ережесі бұзылған Фото: пресс-служба "Көркем Телеком"

Алматыда 2020 жылдың алғашқы 20 күнінде қылмыс деңгейі 38%-ға төмендеді. Құқықбұзушылықты видеобақылаудың автоматты жүйесі алғашқы оң нәтижені беруде. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 бекеті жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде олар 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде ЖКО 11,6%-ға төмендеген.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс 38%-ға қысқарған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингінің жүйесі кеңінен қолданылатын болады.

«Ағымдағы жылы «Сергектің» қосымша 360-тан астам бекетін орнатуды жоспарлаудамыз. Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады», — деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болған алғашқы күндерден бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда. 2019 жылдың 5 шілдесінде ол осы мәселе бойынша қаланың полиция департаментінің басшылығымен және жұртшылықпен кеңес өткізген еді. Полицияға учаскелік инепекторлар мен патрульдердің жұмыстарын қайта қарау, патрульдеу бағытттарын аулалардан бастау жөнінде тапсырмалалар берілген болатын. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алудың пәрменді тетігі видеобақылаудың автоматты жүйелері болып табылады.

Өткен жылдың күзінде барлық аудандарда барынша криминогенді учаскелер анықталып, полицияның 23 мобильді бекеттері орнатылды. Оларға 2424 адам жүгінді, нәтижесінде 300 әкімшілік іс қозғалды, 956 өтініш бойынша жедел шаралар қабылданды. Өтініш жасаған 1167 адамға заңнамалық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, барлық аудандарда 32 күрделі учаскелер анықталды, бұларда жаяу наряд жасайтындар саны ұлғайды. Полицияның аудандық басқармаларына 22 600-ден астам адам жеткізілді.

Ағымдағы жылы қаланың барлық көшелері мен аулаларын жарықтандыру жұмыстары жалғасатын болады. Бұл қалалықтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир