|
28.04.2022 | 16:10
4233

Алатау ауданында 3 жаңа маршрут ашылады

Сонымен қатар №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды

Алатау ауданында 3 жаңа маршрут ашылады inva.kz

Алатау ауданында 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп  хабарлайды Almaty.tv.

«Көлік жүйесін біркелкі дамыту қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады. Аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемаларына келетін болсақ, мұнда маршруттық желілер, жылжымалы құрам және автобус аялдамалары жетіспейді. Бұл мәселе Алғабас, Теректі, Рахат-Мәдениет, Ұлжан-2, Шаңырақ-1, Қарасу, Саялы-2 шағынауданында бар. Алатау ауданында 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады, 4 маршрут (№109, 129, 25, 57) ұзартылады және күшейтіледі. Сонымен қатар №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир