|
15.02.2022 | 15:38
1013

Қарағанды облысында үш автожол учаскесі ашылды

Республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде, автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр

Қарағанды облысында үш автожол учаскесі ашылды  Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үш учаскесі ашылды. Боран салдарынан өңірдің 8 жолы әлі де жабық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауа райының жақсаруына байланысты барлық көлік түрлеріне арналған автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс ашылды. Осылайша қозғалыс 15 ақпан 08.00-ден «Жезқазған-Петропавл» республикалық автожолының учаскесінде (Жезді кенті - Қостанай облысының шекарасы, 65-252 км); 10.30-дан бастап Екатеринбург-Алматы автожолы учаскесінде (Балқаш қ.-Сарышаған кенті, 1854-1995 км); 13.00-ден Екатеринбург-Алматы автожолы учаскесінің Теміртау қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігінде ашылды. 

Республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде, автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр. 13 бекет қойылды, 304 көліктің қозғалысы тоқтатылды (172 жүк, 130 жеңіл және 2 автобус), оларда 581 адам болған. 61 адам ж ылыту пункттеріне орналастырылды. Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 7 адам құтқарылды, 1 техника қар құрсауынан шығарылды, 25 адам эвакуацияланды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир