|
21.07.2023 | 15:38
775

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы белгілі болды

Бүгіннен бастап жол ақылы болады

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы белгілі болды Almaty.tv

Бүгіннен бастап үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақылы болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен ақылы жолмен жүру құны белгіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес жүріп өткен қашықтыққа қарамастан, көліктерге бір сағат ішінде жол жүру бағасы келесідей:

  • жеңіл автокөліктерге – 241,5 теңге;
  • 16 жолаушы орындығына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 276 теңге;
  • 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 483 теңге;
  • 32 жолаушы орындық автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 552 теңге;
  • жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 690 теңге;
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп жүк автомобильдерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторларына – 759 теңге.                            

Қарасай, Іле және Талғар ауданының тұрғындарына абоненттік төлем қарастырылғанын еске сала кетейік.                                     

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир