Қала әкімдігі Алматыдағы жолдың жайына қатысты жаңа ақпараттық ресурс ашты
Telegram
Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Telegram платформасында Almaty_Joly жаңа арнасы пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда аудандық маңызы бар көшелер мен магистральды жолдарды жөндеу кезіндегі қаладағы көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы барлық ақпарат жиналған. Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады.
Бұған қоса, Алматы әкімдігі 2ГИС сервисі арқылы қала тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жайлы құлақтандыруға қол жеткізді. Қосымшадан пайдаланушылар қаладағы жабылған көшелер мен жол жұмыстарын біле алады.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында да қолжетімді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36