|
20.04.2022 | 15:43
539

Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер саны артады

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады

Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер саны артады Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Осылайша, Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир