Елімізде ең ұзын автожол туннелі пайдалануға берілді

Фото: Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі
Екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің қатысуымен тоннелдің ресми түрде ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені - 11 метр, биіктігі - 8 метр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған.

Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.

Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.

«Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өтті. Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Жол қызметтеріне нұсқаулық берілді», - делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қала күніне орай Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгереді

Новости партнеров