Жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге 2200-ден астам өтінім түскен
Almaty.tv
Екі банк өтініш қабылдауды бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге бір тәулік ішінде 2200-ден астам өтінім түскен. Ол туралы Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, несие беретін 4 банктен өзгесі жақын арада Индустрияны дамыту қорынан келісім алып, қаржы бөлуді бастайды.
«Екі банк – ЦентрКредит пен Eurasian Bank автонесиеге өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір қаралып жатыр. Қалған банктер бойынша корпоративтік процедуралар жүріп жатыр. Ол банктер жақын арада бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін іске кіріседі», – деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37