Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды
Турар Казангапов
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.
Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша - тасымалдаушының көзқарасына байланысты.
2018 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43