Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында тағы бір Тальго пойызы қатынайды
Ашық дерек көзі
17-18 шілде аралығында жаңа коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шығады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тальго вагондарынан жасақталған жаңа коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойызы екі қаланың арасында күнара қатынайды.
«Пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан 2022 жылғы 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі. Алматы-2 станциясынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүретін болады», - делінген хабарламада.
Билетті BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Егер вагонда орын қалмаса, «күту парағы» қызметін пайдалану керек.
Барлық сұраққа жауап алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15