9 қарашадан бастап Қонаев қаласынан Алматыға дейін электр пойызы қайта қатынай бастайды. Бұл туралы Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта пойыз тоқтайтын платформаны жөндеу, абаттандыру жұмыстары аяқталып жатыр.
«9 қарашадан бастап электричкалар Алматыға жүре бастайды. Соған дайындық жұмыстары 2-3 күн болды жүріп жатыр. Қазір барлық жұмыскерлер қызмет істеп жатыр», - деді Нұрлан Құматаев.
Еске салайық, 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Алматы мен Қонаев қалаларының арасындағы электр пойызын қайта іске қосуды тапсырған болатын.
Дереккөз:ҚазАқпарат