Алматы тұрғындарының назарына: кейбір қоғамдық көліктің бағыты өзгереді

vlast.kz
vlast.kz
Бағыттар қала тұрғындарының өтінішімен өзгертілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кейбір қоғамдық көліктің бағыты өзгереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғындардың өтініштері бойынша 26 тамыздан бастап  №132 бағыт ұзарады. Енді ол Көкорай көшесінен кейін Рысқұлов көшесімен Емцов көшесіне дейін - Райымбек даңғ.- Розыбакиев к-сі - Төле би к-сі - Брусиловский к-сі - Абай даңғ. «Сайран» метро станциясына дейін жүріп өтеді.

Кері бағытта ол Абай даңғылы бойымен Тілендиев көшесіне дейін, Төле би к-сі - Розыбакиев к-сі - Райымбек даңғылымен Крылов көшесіне дейін жүріп өтіп, онда кері бұрылып, Райымбек даңғылымен Немирович-Данченко к-сі - Рысқұлов даңғ. бойымен жүріп өтеді.

Сонымен қатар, Қажымұқан көшесінің бойындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты 26 тамыздан бастап №2 және №48 бағыттар қозғалыстың тұрақты сызбалары бойынша жүреді.

Новости партнеров