Қазақстанда бірнеше жолаушылар пойызы уақытша жүрмейді. Тиісті шешімді мемлекеттік комиссия мен республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері індеттің таралуын болдырмау мақсатында қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-қа сілтеме жасап.
Қандай пойыздар уақытша тоқтатылады
9 шілдеден:
Алматыдан 9 шілдеден, ал Атыраудан 11 шілдеден қатынайтын № 29/30 Алматы-2 – Атырау пойызы.
10 шілдеден:
Маңғыстаудан 10 шілдеден, Нұр-Сұлтанға (Нұрлы жол) 12 шілдеден келетін/аттанатын және Маңғыстауға 14 шілдеде қайта оралатын № 37/38 Маңғыстау – Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол);
Маңғыстаудан 10 шілдеден қатынайтын, Ақтөбеге 11 шілдеден келетін/жөнелетін және Маңғыстауға 13 шілдеде баратын № 309/310 Маңғыстау – Ақтөбе;
Маңғыстаудан 10 шілдеден аттанатын, Бейнеуге 11 шілдеде баратын/аттанатын, Маңғыстауға 12 шілдеде келетін № 657/658 Маңғыстау – Бейнеу пойызы.
11 шілдеден:
Алматы-2-ден 11 шілдеден жөнелетін, Маңғыстауға 14 шілдеде келетін/аттанатын, Алматы-2 стансасына 17 шілдеде баратын № 77/78 Алматы-2 – Маңғыстау пойызы.
13 шілдеден:
13 шілдеден Маңғыстаудан аттанатын, Алматы-2 стансасынан 16 шілдеден баратын/аттанатын және 19 шілдеден Маңғыстауға баратын № 77/78 Маңғыстау – Алматы-2 пойызы.
"Бұған дейін осы пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оны қайтарып, ақшаны толық көлемде ала алады", – деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан.
Төлемді қайтару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі арқылы білуге болады.
5 шілдеден карантиннің күшеюіне байланысты №321/322 Алматы – Сарыағаш пойызы уақытша жүрмейді.
1 шілдеден билетке сұраныс төмен болғандықтан №19/20 Нұр-Сұлтан - Атырау, №95/96 Нұр-Сұлтан – Орал және №701/702 Нұр-Сұлтан – Алматы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.