Алматыдан Алакөлге жету оңай болады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алакөлге аталған 2 «Тальго» пойызынан бөлек 11 қалыпты пойыз қатынайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы-Достық бағытындағы «Тальго» пойызы 16 маусым мен 31 тамыз аралығында қатынайтын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәде етілген билеттердің сатылмай жатқанын айтып, мәселе көтерген болатын. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, билет сатылымы 8 маусымда басталған. Жалпы Алакөлге аталған 2 «Тальго» пойызынан бөлек 11 қалыпты пойыз қатынайды. Бұған дейін ҚТЖ Алакөлге қатынайтын «Тальго» пойызына билет неге сатылмай жатқанын түсіндірген еді. 

«Бұл бағытта әдеттегі пойыздар кедергісіз жүріп жатыр және билет бар. Ал «Тальго» пойызына әзірге билет сатылып жатпағанымыз рас. Бұйыртса осы аптаның соңында ашылады деп отырмыз. Сол жоспар бойынша 15-16 маусымнан бастап «Тальго» қатынай бастайды. Бұл туралы бұған дейін де хабарлағанбыз. Яғни, жоспар бойынша, «Тальго» пойызына билеттер аптаның соңына дейін сатылымға шығады», - деді компанияның баспасөз хатшысы Мәди Мұхамедқали.


Новости партнеров