|
08.08.2023 | 16:28
2074

Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр

Жөндеу жұмыстарын Ақан сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады

Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр ашық дереккөзден

Биыл Сейфуллин даңғылының Алматы-1 теміржол вокзалынан Рысқұлов көшесіне дейінгі бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жөндеу жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі таңда Алматы-1 теміржол вокзалынан Жұмабаев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төселіп,  көлік қозғалысы ашылды.

Ендігі бөлік – Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін. Аталнан учаскеде 8 тамыз саат 23:00-ден 10 тамыз 07:00-ге дейін полимерлі асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады .

Жөндеу жұмыстарын Ақан сері, Жансүгіров, Жұмабаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Сейфуллин даңғылын қиып өтетін Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан көшелерінде қозғалыс ашық болады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полицияның 4 экипажы қызмет етеді.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Әл-Фараби мен Абай даңғылын жөндеу жұмысы қашан аяқталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир