Алматыда биыл жүргізушілер шұғыл тежегішті 110 рет басқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шұғыл тежегішті басудың себебі - теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автомобильшілердің немқұрайлылығы болып табылады. Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы-«ЖТ Алматы бөлімшесі» бас инженерінің міндетін атқарушы Александр Игошеннің қатысуымен брифинг өтті.
Теміржолдың қауіпті аймақ мамандар үнемі еске салады. Сондықтан теміржолдардың жанында барынша мұқият болған жөн.
«Биыл 7 айында теміржолдың Алматы филиалының шекарасында локомотив бригадалары шұғыл тежегішті 110 қолданды, оның ішінде 5 оқиға өліммен аяқталды. Тежеу санының азайғанына қарамастан, статистика өте жағымсыз», - деп атап өтті А.Игошен.
Бүгінде теміржолшылар апаттардың алдын алу үшін барлық шарасы қабылдауда: желілік полиция бөлімімен бірлесіп рейдтер жүргізілуде, түсіндірме әңгімелер, оқу орындарында кездесулер өтуде, плакаттар ілінуде, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу мәселелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталады және т.б.
Мысалы, биыл екі мыңнан астам адамды қамтыған кездесулер, сондай-ақ Алматы-1 станциясында шұғыл тежеуге бейім учаскеде 10 рейд өткізілді.
«Теміржолдың жанында тұратын адамдар қозғалыс қауіпсіздігін естен шығармағандары жөн. Олар теміржолдардағы белгіленбеген орындарда жолдарды кесіп өтпеуі, теміржол көлігі объектілерінде ойын-сауықтар өткізбегені абзал. Жолаушылар пойыздарының жылдамдығы сағатына 140 км-ге жетеді, ал жүк пойыздары сағатына 110 км жылдамдықпен жүреді, салмағы 7000 тоннадан асады. Мұндай көрсеткіштер кезінде локомотив бригадасы жолда кедергіні байқаса шұғыл тежеуді қолдануы әбден мүмкін. Ал локомотивті оқыс тоқтатқан кезде жолдың бейініне, поездың салмағына және қозғалыс жылдамдығына байланысты кемінде 500 метр, ал кейде бір километрден артық қашықтық қажет болады. Бұл автокөлік емес, онда бірнеше метр қашықтықта тоқтауға немесе бір жаққа бұруға болады», - деді ҚТЖ спикері.
Александр Игошен пойыздарды шұғыл тоқтату теміржол көлігінің жұмысына кері әсер ететінін айтты.
«Олардың қозғалыс ырғағы адамдардың, малдың немесе автокөліктің болуы себебінен оқыс, жоспарсыз тоқтаған кезде үзіледі. Қозғалыста іркілістер орын алуда, бұл орынсыз шығындарға әкеледі, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, ал автокөлікпен соқтығысқан кезде вагондар мен локомотивтердің бұзылады», - деп толықтырды А.Игошен.
Теміржолшыларға балалардың теміржолдарда ойнауы және әлеуметтік желілер үшін роликтер түсіруі ерекше алаңдаушылық туғызады.
Спикердің айтуынша, теміржол көлігі нысандарында бейнероликтер түсіру, құлаққаппен музыка тыңдау, әсіресе капюшонды киіп алу өте қауіпті. Өйткені мұндай жағдайда локомотив беретін сигналдарды естімей қалады әрі алдын байқамайды.
Спикер алматылықтар мен қала қонақтарын теміржолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды. Мұқият және қырағы болу керек! Тек сонда ғана апаттың алдын алуға болады. Кез-келген адам теміржол көлігі объектілерінде арнайы бөлінген орындарда: жабдықталған жаяу жүргіншілер өтпелері, тоннельдер, көпірлер, теміржол өтпелері, жол өтпелері арқылы кесіп өтуге тиіс. Теміржол рельстерін ыңғайлы жерде немесе уақытты үнемдеу үшін кесіп өтуге болмайды. Бұл өмірге қауіпті!