Шетелдік көліктерді тіркемеген адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ІІМ алдымен айыппұл салатынын айтты деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңға бағынбаса, жүргізуші куәлігінен айырылу қарастырылыпты. Ал өзге елдің нөмірімен темір тұлпар тізгіндеп жүрген азаматтар қазақстандық тіркеу талабы тым қатал
Биыл 1-қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетел көліктерін тіркеу заңын Парламент қабылдады. ІІМ заң күшіне енбей жатып, тіркелмеген көлікті тізгіндеген азамат үшін айыппұлдың көлемін белгілеп қойыпты. Жаза тым қатал. Мәселен, бірінші рет 30 мың 630 теңге айыппұл салынады. Егер жағдай қайталанса, сома еселенеді. Немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырыласыз. Ал өзге елдің нөмірін тіркеу талабы қарапайым көрінеді.
«Негізі заңдастыру кезінде үш талап қойылған. Біріншіден, автокөлік іздестіруде болмауы керек. Екіншіден, автокөлік кедендік баж салығын төлеуі керек. Үшіншіден, автокөлік 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін Қазақстанда кіруі тиіс», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Сонымен қатар, Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, шетелден көлікті сатып алғаныңыз туралы құжат болуы керек. Яғни, сатып алу-сату келісімшарты. Алайда бізде жүрген шетелдік көлік иелерінің айтуынша, ондай қағаз жоқ. Көпшілікті екі жақта да тіркеуде жоқ машиналардың тағдыры да алағдатады.
«Екі жақта да тіркеуде жоқ. Осындай көліктерді тіркеген кезде жеңілдік берілсе екен. Өйткені 90 пайызында сатып алу келісімшарты, сенімхат деген құжат жоқ», – деді қала тұрғыны Жәнібек Төремұратов
Шетелдік көліктерді заңдастыруға 6 ай уақыт беріледі. ІІМ айтуынша, 200, 205 мың теңгеге шетел көлігін тіркемеген азаматтар машинаны қай елден алды, сол жаққа апарып тастауы керек. Немесе бөлшектеп сатулары қажет. Айта кетейін, аталған Заң жобасын Парламент қабылдап қойды. Енді тек Президенттің қол қоюы ғана қалды.
Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астанадан