Бұл былтырғы жылмен салстырғанда 8 пайызға көп. Көз жұмғандардан бөлек, тағы 9 мыңнан астам адам дене жарақатын алыпты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі кешенді шараларды қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қатаң тексерістің арқасында жол тәртібін өрескел бұзған 17 мың 500 азамат көлік жүргізуші куәлігінен айырылған. Ал жүргінші жолында қателік жіберген 100 мың адам айыппұл арқалап, бейнекамераларға 1,5 миллион ереженің бұзылғаны тіркелген.
Қазақстандағы жол көлік апаты (қаңтар-маусым, 2019)
2018 2019
Жол апаты – 6743 7093
Қайтыс болғандар – 784 850
Жараланғандар – 8653 9245
Жолдағы заңсыз әрекеттер
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар – 17,6 мың
Айыппұл арақалағандар – 103,5 мың
Ережені елемегендер – 2,8 млн
Камераға түскендер – 1,5 млн заң бұзушылық