ҚТЖ 2 маусымнан бастап Алакөлге апаратын пойызды іске қосады

facebook
facebook
Егер сұраныс артып жатса, Алакөл демалыс орнына апаратын қосымша вагондар іске қосылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2 маусымнан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алакөлге апаратын пойызға билет сатыла бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады:

Бірінші кезең - 1 маусымнан;

Екінші кезең - 10 маусымнан.

Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билетерінің сатылымы ашылды:

«2 маусымнан бастап №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» және №22/21 «Қызылорда  Семейный» пойыздары, «Алматы  Достық» бағытында қайта отырғызусыз вагондары күнара жиілікпен жүре бастайды.

Сонымен қатар, №121 / 122 «Нұр-Сұлтан  Семейный» және №6941 / 6942 «Ақтоғай  Достық» пойыздары құрамында «Нұр-Сұлтан» қайта отырғызусыз вагондары, сондай-ақ 12 маусымнан бастап №54/53 «Нұр-Сұлтан  Достық» бағытындағы пойыз аптасына екі рет қатынайтын болады», - делінген хабарламада.

Сонмен қатар, осы бағытқа сұраныстың жоғары екенін және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар іске қосылуы мүмкін:

1) №13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет;

2) №258/257 «Нұр-Сұлтан  Достық», аптасына 2 рет;

3) №45/454 «Алматы  Достық», аптасына 3 рет;

4) №457/6941 // 6942/458 «Семей – Шар  Достық», күнара;

5) №459/6941 // 6942/460 «Өскемен – Шар – Достық», күнара.

Егер Алакөл бағытына сұраныс артса, «ЖТЖ» ҰК» АҚ қосымша вагондар ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Новости партнеров