|
08.02.2023 | 17:16
3276

Алматыда бірнеше маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді

9 ақпан күні сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін фильмнің түсіріліміне байланысты

Алматыда бірнеше маршруттың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді yvision.kz

9 ақпан күні сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін фильмнің түсіріліміне байланысты №22 және №80 маршрут сызбалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№ 80 солтүстік бағытта – Манас көшесі – Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – Гоголь көшесі  Байзақов көшесі  әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – Байзақов көшесі – Гоголь көшесі  Әуезов көшесі – Төле би көшесі – Байзақова көшесі әрі қарай схема бойынша;

№ 22 оңтүстік бағытта – Әуезов көшесі –Гоголь көшесі  әрі қарай схема бойынша, кері  бағытта – Гоголь көшесі – Әуезов көшесі  әрі қарай схема бойынша.

Естеріңізге салайық, Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғынына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир