Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 шілде сағ. 21.00 мен 7 шілде сағ. 07.00 аралығында түнгі уақытта Шығыс айналма автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесі дейінгі бөлігінің шығыс бетінде көлік қозғалысы уақытша ішінара жабылады", - делінген қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.
«Алматы тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.