|
22.07.2022 | 17:41
4629

Алматыда автобус маршруттары уақытша өзгереді

Бұл туралы Алматы қаласы «Көлік холдингі» ЖШС хабарлады

Алматыда автобус маршруттары уақытша өзгереді Фото: ашық дереккөзден

Кейбір автобус маршруттарының сызбасына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы «Көлік холдингі» ЖШС сілтеме жасап.

Қажымұқан көшесіндегі тұрғын үй кешенін жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері жүргізізіп жатқандықтан Назарбаев даңғылынан Ескендір көшесіне дейін жолдың жүру бөлігінің толық жабылуына байланысты 2022 жылғы 25 шілдеден бастап мынадай автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:

№2 – оңтүстік бағытта –  Назарбаев даңғылы –  Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылы-Алдар көсе көшесі –  Жамақаев көшесі-соңғы пункт «Таулы қырат» шағынауданы. Солтүстік бағытта - соңғы шағынаудан «Таулы қырат – Жамақаев к-сі – әл-Фараби д-лы – Назарбаев д-лы – әрі қарай сызба бойынша;

№48 – оңтүстік бағытта  – Достық д-лы – Сәтбаев к-сі – Сейфуллин д-лы – Алдар көсе к-сі – Жамақаев к-сі – соңғы пункт «Таулы қырат» шағынауданы. Солтүстік бағытта – соңғы пункт «Таулы қырат» шағынауданы – Жамақаев көшесі- әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Жолдасбеков көшесі – Достық даңғылы-әрі қарай сызба бойынша.

«Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды өтінеміз»,  делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир