Байзақов көшесінің Тимирязев пен Сәтпаев көшесіне дейінгі аралығы жабылады
Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысы бойынша Байзақов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
29 тамыз сағ.23:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты Байзақов көшесінің Тимирязев пен Сәтпаев көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жабық учаскені Әуезов, Сәтпаев - Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылады.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:Алматыда қоғамдық көліктер тарифының форматы жыл соңына дейін өзгереді