|
29.08.2023 | 13:06
2252

Алматыда қоғамдық көлікте төлем тарифі қалай өзгереді

Жыл соңында тарифтік төлем форматы қабылданады

Алматыда қоғамдық көлікте төлем тарифі қалай өзгереді tengrinews.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа тұрғындардың бірі қоғамдық көлікте тарифтік төлем қалай жұмыс істейді деп сұрақ қойды. Әкім түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

- Өздеріңіз білетіндей, мәслихат тарифті көтерумен нарықтық негізге көшу жөнінде ұсынысты қолдады. Бізде жыл сайын тасымалдаушыларға бөлінетін субсидияны қысқарту міндет тұр. Олар бір айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуін күтіп отырмай, тірлігін жасауы тиіс, - деді әкім.

Ал Алматы үшін көлік құрылымы мәселелері мен тарифтік төлем әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін тарифтік төлем форматын қабылдамақ.

- Егер олар билет немесе «pass» сатып алса, оның ішінде тиісті тегін тарифтік аударымдар қарастырылады. Қазір осы мәселені көлік холдингімен талдап, қорытындысын пысықтап жатырмыз. Есепке қоғамдық көліктің түрлері (автобус, метро, троллейбус және т.б.) туралы ақпарат алынады. Биыл қазанның соңында біз тарифтік төлемді ұсынып, қала тұрғындарының пікірін сұраймыз. Содан соң жаңа төлем тәсілін бекітеміз, - деді Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз:Алмалы ауданында көше жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир