Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автокөлік жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бірлесіп, жылдамдық жүйесін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске қосады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
-33 «ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізім жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқықбұзушыларға жіберу талабы енді автоматты жүйеді жүзеге асы Жеті айда еліміз жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді рылатын болады. Бүгінгі таңда «ZEREK-2» Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын. Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқықбұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1 200-ден астам адам қаза тауып, 8 500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Оның ішінде жылдамдықты асыру салдарынан қала сыртындағы тас жолдарда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.
-Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап «ZEREK-2» кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық жүйесін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз. Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ, - деді Ақтоты Боранова.
Оқи отырыңыз:Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан іске қосылады