|
05.09.2023 | 18:07
3637

Алматыда Шаляпин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн

Алматыда Шаляпин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі inform.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған. Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары аяқталды және көлік қозғалысы толығымен ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

5 қыркүйекте сағат 23:00-ден 6 қыркүйекте 06:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің оңтүстік бетінде Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly Телеграм арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшасында қолжетімді.

Жол жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. 

Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол ережесін бұзған жеткіншекке жеті хаттама толтырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир