Қаладағы негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын яқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған.
Абай даңғылының Розыбакиев көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 10 тамыз сағат 23:00-ден 12 тамыз сағат 06:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағы толық жабылатын болады. Сонымен даңғылдың көлік жүретін бөлігінде орташа жөндеу жұмысары аяқталады.
Жабық учаскені айналып өту Сәтбаев, Кіші Абай, Тілендиев, Розыбакиев көшелері мен іргелес көшелер арқылы жүзеге асырылады. Розыбакиев, Тұрғұт Озал, Брусиловский және Тілендиев көшелерінің қиылыстары ашық болады.
Қарасу, Кәрімов және Түркебаев көшелерінің қиылысындағы съездер бойынша жол жүру шектеледі, айналма жол Есенжанов көшесі бойынша ұйымдастырылады.
Сейфуллин даңғылында орташа жөндеу жұмыстары Алматы-1 теміржол вокзалынан Ақан сері көшесіне дейін аяқталған болатын. Ендігі соңғы бөлік Ақан сері көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 07:00-ге дейін даңғылдың бойы толық жабылатын болады.
Жабық учаскені Кассин, Рудаки, Артиллерийская, Жансүгіров және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Успенский, Ақан Сері көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылындағы жолдың оңтүстік жағындағы жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал солтүстік жағымен Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін асфальтбетон жабыны төселді.
Ауа-райы қолайлы болған жағдайда 12 тамыз сағ.23:00-ден 14 тамыз 07:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының соңғы Дулати даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, уақытша көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу аумағын Торайғыров және Мұстафин көшелерінің бұрылыстары мен айналма жолдары арқылы айналып өтуге болады.
Жол таңбаларын салу жұмыстары Абай және Әл-Фараби даңғылдарында басталды. Сейфуллин даңғылында жол таңбалары жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін салынады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. 8-10 жыл пайдалануға болады.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.