Елордада құжатсыз адам тасымалдаған таксистер ұсталды

jasqazaq.kz
jasqazaq.kz
Олардың ішінде Өзбекстан мен Тәжікстанның 3 азаматы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада құжатсыз адам тасымалдаған 26 таксист ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ішінде Өзбекстан мен Тәжікстанның 3 азаматы бар. Шетелдіктердің заңсыз әрекеттерінен соң әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер тұраққа қойылған. Айта кету керек, қазір Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз жол» айлығы өтіп жатыр. Шара басталғалы 3 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталыпты. Оның 39-ын қоғамдық көлік жүргізушілері бұзған жасаған.

«Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 500-ден астам жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 100-ден астам, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 168 және қарсы жолаққа шыққаны үшін 22 жүргізушіге айыппұл салынды.Сондай-ақ, бейнебақылау камералары жол ережесін өрескел бұзу фактісін тіркеді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды», – деді қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шәуленова.

Новости партнеров