|
04.11.2022 | 18:59
5142

Алматыда қандай қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді

Өзгеріс тұрғындардың өтініші бойынша енгізілді

Алматыда қандай қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді Иллюстративное фото bugin.kz

№88, №123 және №125 маршрутының бағытына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алмалы ауданы тұрғындарының өтініші бойынша 5 қарашадан бастап № 88 маршруттың қозғалыс схемасы өзгертіледі.

Енді ол Батыс зиратынан Момышұлы көшесінің бойымен жүріп өтіп, содан кейін Рысқұлов көшесімен солға қарай бұрылады: 

Рысқұлов көш. - Саин көш. - Райымбек даңғылы  - Әуезов көш. - Гоголь көш. - Қонаев көш. содан кейін Райымбек даңғылына бұрылып, Жангелдин көшесінің бойымен Мақатаев көшесіне дейін барады (соңғы пункт - Көк базар), содан кейін Қонаевқа шығады, одан әрі схема бойынша кері бағытта жүретін болады.

Сонымен қатар, 7 қарашадан бастап №123 және №125 маршруттардың қозғалыс схемасы өзгертіледі.

№123 маршрут енді Сейфуллин даңғылынан Шевченко көшесімен Манас көшесіне дейін барады. Ал кері бағытта өзгеріссіз.


№125 маршрут  енді Бекболат көшесіне Солтүстік айналма жолдан шығып, Өжет-Солтүстік шағынауданына дейін қозғалып, кері бұрылып, Қаракөз көшесіне дейін, әрі қарай кері бағытта схема бойынша жүретін болады. Кері бағытта да Өжет-Солтүстік шағынауданына кірумен қозғалады.

Дереккөз: Алматы Қалалық мобилділік басқармасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир