Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам мерт болды
Almaty.tv
Mitsubishi көлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында жол апатынан ер адам мен оның 3 баласы мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жантүршігерлік оқиға Самара-Шымкент тас жолының 938-шақырымында болған. Mitsubishi автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жарақат алған Mitsubishi көлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
«Жолаушылары – 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған 3 баласы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54