Елімізде автокөлік бағасы аспандап кетті: сарапшылар не дейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Соңғы бес жылда баға екі есеге өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде автокөлік бағасы аспандап кетті. Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда биыл елімізде көлік бағасы 17 пайызға шарықтаған. Ал соңғы бес жылда баға екі есеге өскен. Темір тұлпар құнының осыншама өсуіне не себеп?  Almaty.tv тілшісі Мерей Бает баяндайды.

«Сатсаң төмен, алсаң қымбат». Автокөліктерге айтылған бұл тіркес қазіргі жүргізушілердің ұранына айналғандай. Жаңасы болсын ескісін алудың өзі жыр. Себебі баға аспандап, көліктер ақысы көкке ұшқан. Темір тұлпарлардың сатылымдағы құнын білу үшін Тараздағы автобазарға бардық. Халықтың сөзінше сенімді серігін сатам деушілер, бағаны бір-біріне қарап қоятынға ұқсайды.

«Жақсыны қайдам. Жүріп тұрған, жылтырап тұрғанның бәрі 1,5 млн-нан төмен жоққой қазір. Баяғыда солар 600-700 мың болатын. Екі есе өсіп кетті. Сондықтан қиын, елдің жағдайы қиын болып жатыр. Халықтың жағдайы жоқ. Қаптап жүр бірақ алып жатқан ешкімді көрмедім», – деді қала тұрғыны Талайбек Керімбековү

«Мынау автсалоннан шығып жатқан көліктердің бағасы қымбаттап кетті. Екі есе қымбаттап кетті шыққан кезінен бастап. Екіншіден мынау шетелден авткөліктер кірмей жатыр Қазақстанға. Қырғыстан мемлекетіне ұқсатып автокөліктер кіріп жатса Қазақстанға, міне сол кезде мынау ескі көліктер азайып, жылы жаңа машиналарға отыратын едік», – деді көлік сатушы Қайрат Ниязбеков.

Жүргізушілердің сөзінше бағаның қымбаттауы өзге елден көліктің кірмеуінен дейді. Сондықтан ел ішінде жүрген ескі көліктер бағасы жыл санап артып жатыр деген пікірде. Мәселен, қолданыста болған көліктерге шолу жасасақ.

2014 жылғы «Приора Люкс» жабдықтамасының орташа бағасы 2018 жылы 1 500 000 - 1 700 000 болса, биыл бұл көлікті 2 жарым миллион теңгенің шамасында аласыз.

Ал Мерседес Е класс бұрын 2 млнға бағаланса, қазір тіпті 3,5 млн теңгеге дейін кездестіруге болады. Камри 50 көлігі, 2018 жылы  5 млн-нан басталса, қазір 8 миллион теңгеге дейін сатылымда тұр.

«Жаңа көліктен бастасақ, 2020 жылы танымал көліктерге сұраныс көп болды. Ал өндірушілер көп шығара алмады. Сондықтан қымбаттады. Ал қолданыстағы көліктердің бағасы қымбаттауы да осы себеп. Жаңа көліктер шықпағасын қолда тұрған көліктердің үстіне баға қосып сатты және биыл әлемде метал қымбаттады. Ресейде коммерсиялық көліктер қымбаттады. Тағы теңге мәселесі. Бұрын долларменмен сатылған көліктер өз бағасын ұстап тұр. Ал теңгемен сатылған көліктер валюта қымбаттағасын бағасы да өсіп кетті», – деді автосарапшы Олжас Оқас.

Мамандар шарықтаған бағаны түсіру үшін утилизация алымын төмендету керек деп санайды. Әзірге бұл мәселе де көңіл көншітерліктей емес. Себебі шет елден қозғалтқыш көлеміне 2.5 литрлік тұлпар тізгіндеңіз келсе, құжатына 1 325 000 теңге сарп етесіз. Ал, 3,5 болса, 3,5 млн теңге төлеуге тура келеді. Сондықтан да жергілікті жұрт қазір қымбат та болса, ел ішіндегі көліктерді місе тұтуға мәжбүр.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан, «Алматы» арнасы

Новости партнеров