|
16.11.2022 | 20:59
6856

Таразда жол тәртібін бұзатын қоғамдық көлік саны артқан

Автобустың жүргізушісі көлік айдау куәлігінен айырылып, тиісті жауапкершілікке тартылған

Таразда жол тәртібін бұзатын қоғамдық көлік саны артқан Almaty.tv.

Таразда жол тәртібін бұзатын қоғамдық көліктер қатары азаймай тұр. Әлеуметтік желіде заңды белшесінен басатын автобустар жайлы бірнеше бейнежазба қызу талқыланып та жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік желіде қоғамдық көліктің бірі қос жолақты жол белгісін кесіп, қарсы бағытқа шығып жолда жүру ережесін өрескел бұзады. Қазіргі таңда № 46 автобустың жүргізушісі көлік айдау куәлігінен айырылып, тиісті жауапкершілікке тартылған. Жұмыс орнынан да босатылыпты.

Бейнежазбадағы автобус қозғалысы адам өміріне қауіпті. Желі қолданушылары бұл маршрутты «салқындатқыш» деп атап кеткен. Автобуста жел кіріп тұратын тесік бар.

«46 бағыттағы автобустың ақауы болған. Дәнекер жұмыстары жүргізілді. Тасмалдаушы мекемелердің механигі таңғы саға  6:00-де автобустарды тексеріп шығарады. Енді техника болғаннан кейін мұндай ахаулар болып тұрады», – деді қалалық Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Бауыржан Әділов

Қала тұрғындарының мұндай қоғамдық көліктердің жұмыс сапасына көңілдері толмайды. Олар аялдамаларда ұзақ тұрақтап, қоғамдық көліктерде жиі қысылатынын айтады.  

«Тасымалдаушы мекеме жұмыстары пандемияның арқасында тоқтап қалды. Жүргізушілер жетіспейді. Қазіргі кезде 9 тасымалдаушы мекеме бар. 35 бағытта қызмет жасайды. Біздің 23-25 жылға жасап жатқан жоспармыз бар. Пандемияның арқасында жабылып қалған 8 бағыт бар. Қосымша қала маңындағы аймақтарға 15 бағыт ашуымыз керек», – деді  деді қалалық Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Бауыржан Әділов .

Соңғы жылдары автопарктар субсидия есебінен жаңарып жатыр. Алайда сұраныс көлемі де едәуір артқан.

Жомарт Есқара, Тілеуқабыл Саржан, Қанат Бақытұлы, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир