|
25.07.2022 | 19:57
6631

Алматыдағы №41 автобустың маршруты облысқа ұзартылды

Қоғамдық көлікпен қатынау бағасы – 80 теңге

Алматыдағы  №41 автобустың маршруты облысқа ұзартылды Almaty.tv

Алматыда қатынайтын №41 автобустың маршруты облыстағы Гүлдала ауылына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

22 шілде іске қосылған бағыт Гүлдала ауылынан шығып, «Алматы-1» теміржол вокзалы арқылы Көкжиек ықшамауданына дейін барады. Қазіргі таңда толықтай жаңартылған 10 автобус бар екен. Онда электронды билет, яғни оңай жүйесі және жеңілдіктер қарастырылыпты. Қоғамдық көлікпен қатынау бағасы - 80 теңге.

«Ауылдың ішінде қалаға баратын автобус болғанға не жетсін?! Пандеия кезінде халық қиналып қалды. №404 автобус тоқтағалы3 жылдай болды. 3 жылдың ішінде кішкентай балалар мен үлкен кісілерге қиын болды. Вокзалға барады екен, базарларға барады. Қалаға жетсек барар жерің де алыс болмайды», – деді Гүлдала ауылының тұрғыны Динагүл Ниетбаева.

Жауапты маманның айтуынша, халық саны артып жатса, қосымша автобус бөлу мәселесі де қарастырылмақ.

«Орта сыйымдылықты автобус. Дизель тұтынады. Дегенмен ол толықтай Еуро-5 стандарттарына лайықты. Гүлдала кентінің бүгінгі күні халық санын, қолданушы санын есептегеннен кейін, алдағы уақытта №41 автобус санын ұлғайту, көбейту сұрақтары қосымша қарастырылатын болады», – деді Мобилділік басқармасының бөлім басшысы Абылайхан Омархан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир