|
25.08.2023 | 20:03
508

Алматыда Сәтбаев көшесіндегі жолайрықты жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн

Алматыда Сәтбаев көшесіндегі жолайрықты жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр фото: grifoninfo.ru

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамызда сағат 23-00-ден 26 тамызда сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

25 тамыз сағат 23-00 – ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады.

Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км\сағ дейін шектеу туралы белгі қойылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.

Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир