|
09.02.2022 | 20:03
3170

Көктайғақ болады: алматылықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады

Түнде ауа температурасы -6 градусқа дейін суытады

Көктайғақ болады: алматылықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады Almaty.tv

Бүгін, 9 ақпаннан 10 ақпанға дейін Алматы қаласында қар жауады. Түнде ауа температурасы -4...-6 градус болады. Сондай-ақ тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі .

Көктайғақтың алдын алу мақсатында күндізгі кезеңде 624 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 құм шашқыш және 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Түнгі уақытта кезекшілік ұйымдастырылды, оған 519 бірлік арнайы техника, оның ішінде 205 құм шашқыш және 339 жұмысшы жұмылдырылады.

"Жолдың жүру бөлігінде, тротуарларда мұз қатуына байланысты көктайғақ пайда болуы мүмкін. Сондықтан Тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес берілді. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтағаны жөн", - делінген Тұрғын үй саясаты басқармасының баспасөз хабарламасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир