Алматыда автобустардағы "ақылды камералар" бетперде тақпаған 1100-ден астам жолаушыны анықтады

Almaty.tv
Almaty.tv
Айдың соңына дейін 8 бағытта қатынайтын 32 автобусқа смарт камера қою жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Автобустарда қойылған ақылды камералар бетперде тақпаған 1100-ден астам жолаушыны анықтады. Бір ай бұрын қаланың қоғамдық көліктеріне орнатылған бұл смарт техника қалай жұмыс істейді? Құрылғының басқа қандай ерекшеліктері бар? Ал, масканы дұрыс кимеген тұрғындарға да айыппұл салына ма? Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай барлығын рет-ретімен түсіндірсін.

Осы уақытқа дейін ақылды камера арқылы 1800-дей адамға бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде  670-тейі бетпердені дұрыс тақпағандар екен.  Айта өту керек, маскасыз жүргендерге салынатын айыппұл көлемі 30 АЕК, яғни 83 мың теңге.

Әзірге қала бойынша тек 4 автобус пен екі шағын маршрутта құрылғы орнатылған. Айдың соңына дейін 8 бағытта қатынайтын 32 автобусқа смарт камера қою жоспарланып отыр. Жауапты мамандардың айтуынша басты мақсат тұрғындарға айыппұл салу емес. Коронавирус індетін толықтай жеңбейінше, күнделікті маска тағуды дәстүрге айналдыру қажет дейді олар.

«Жолаушылар қоғамдық орындарда  әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды екенін түсініп келе жатыр. Сондықтан жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Енді осындай камералар нөмірі 25, 7, 205, 137, 37, 38, 63 және 69-қоғамдық көліктеріне орнатылады», – деді қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.

Автобустарға мұндай камералар орнатылғалы бері қала тұрғындарының да әлеуметтік жауапкершілігі арта түскен.

БЛИЦ-1: Негізінен дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазір адамдар көбіне маскасыз жүргенді қалайды.

БЛИЦ-2: Иә, дұрыс ол жағы. Барлығымыз маскамен жүруіміз керек.

Өткір көзді камераның өзге қырлары да көп. Мәселен, бұл техниканың көмегімен қалта ұрлығы, сондай-ақ, басқа да қылмыстық оқиғаларды да анықтауға болады екен. Құрылғы қандай да бір тәртіп бұзушылықты байқаған кезде, бірден диспетчерлік орталыққа хабар береді. Ал, олар өз кезегінде автобус жүргізушісін ескертіп, оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырады.

Сымбат Ноғай, Мейрам Исабеков, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров