Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп сары нөмірлі көліктерді Армения тіркеуінен қашықтан шығарудың жолдарын қарастырып жатыр, деп хабаралайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ішкі істер министрілігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев айтты.
«Армения Республикасынан әкелінген, уақытша есепке қойылған және сары мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алған көлік құралдарын заңдастыру жан-жақты жүргізілуде. Соның нәтижесінде ақ мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін алу мүмкіндіктері бар. Ішкі істер министрлігі Армения Республикасындағы әріптестерімен бірлесіп осы мәселені қашықтықтан шешу және көліктерді ол жердегі есептен шығаруды пысықтап жатыр», - дейді аға инспектор.
Дереккөз: ҚазАқпарат