|
06.03.2019 | 10:44
8330

Қазақтың таңғы асы брендке айналады

Қазақтың таңғы асы брендке айналады МИА «Казинформ»

Қазақстанда алғаш рет қазақ ұлттық тағамдарының бренді енгізіледі. Бұл туралы Түркістан қаласында Қазақ тағамтану академиясының астаналық сарапшылары және облыстың мейрамханашылары мен отельерлері бас қосқан жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы ұйымдастырған кездесуде сарапшылар болашақ аспаздық хитін енгізіп, ас даярлау бағдарламасының ерекшеліктерімен танысты. Олардың айтуынша, енді елімізге келген қонақтар экологиялық таза өнімдерден дайындалған «Қазақ таңғы асынан» дәм тататын болады.

Бұл тағам меймандардың өз денсаулығына көңіл бөліп, ерекше назар аударатын өте пайдалы ас болмақ. Ал ас тізімінде мынандай тағамдар бар: тарыдан жасалатын тойымды тағамның бірі - майсөк, сүзбе, айран, қымыз, құрт, жент. Таңғы ас 3 топтан тұрады: сүт өнімдері, көкөністер мен кептірілген жемістер және пісірілген тағамдар.

Қазақ тағамтану академиясы диссертациялық кеңесінің мүшесі Юрий Синявскийдің сөзінше, оңтүстіктен бастау алған нағыз қазақтың ұлттық тағамдары Қазақстанның басқа да аймақтарына таралады. Сондай-ақ, қазақтың жан дүниесін түсіну үшін «қазақ таңғы асының» дәмін тату керек. Өйткені, оның құрамы ғасырлар бойы өзгеріссіз қалуда. Осының арқасында өңірдің гастрономиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, халықтың салт-дәстүрі мен менталитетімен де танысуға болады.

Мәселен, қонақжайлылық - қазақ халқының ертеден келе жатқан қасиеттерінің бірі. Қонақты жақсы көңілмен қарсы алып, төрге отырғызу мен дастархан әзірлеп күтіп алу да қазаққа тән.

Идея авторлары жоспарлағандай, «Қазақ таңғы асы» қонақүйлерде, мейрамханаларда және Түркістанның басқа да қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде беріледі.  Сарапшылардың пікірінше, қазақ таңғы асы брендінің енгізілуі шетелден келген туристердің санын арттырады және қазақстандықтарды Түркістан облысына саяхаттауға қосымша ынталандырады.    


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир