|
21.02.2019 | 12:39
3884

Алматы зообағында түйе боталады

2018 жылы жазда зообақта фламингоның балапаны жұмыртқасын жарып шықты

Алматы зообағында түйе боталады Tengrinews.kz

Алматы зообағында түйе төлдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы зообақ директоры міндетін атқарушы Айгүл Төлеева Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Ақпанның 7-інен 8-іне қараған түні біздің бір өркешті түйе боталап, оған Ая деген ат қойдық. Төлдің жағдайы жақсы. Бірнеше күн бойы ол ашық вольерде жүр, өз территориясын меңгеріп, кербұғылар мен Рокки есімді бұланмен танысты. Сол себепті алматылықтардың ботаның қалай жетіліп жатқанын көруге мүмкіндіктері бар», - деп жазды ол.  

2018 жылы жазда зообақта фламингоның балапаны жұмыртқасын жарып шыққан еді. Мекеме директорының кеңесшісі Ержан Еркінбаев бұл зообақ тарихында бірінші рет болған жағдай екенін айтты.

Айгүл Төлееваның айтуынша, 2010 жылы Кубадан ұшып келген фламинго бірінші рет балапан басқанын айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

родился
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир