Алматы тауында қар барысы аландарымен фототұзаққа түсіп қалды
Legion Media
Дана деп ат қойылған қар барысы екі аланымен бірге жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы маңындағы тауларда орналасқан фототұзақтар қар барысының ұрғашысы (таутан - ред.) мен балаларын (аландар - ред.) видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрларда Дана деп ат қойылған қар барысы аландарымен бірге көрінеді. Ол екі аланымен 2019 жылдың көктемінен бері бірнеше рет фототұзақтарға түсіп қалған.
«Kazakh Tourism» ҰК АҚ басшысы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жабайы мысықтардың өңі жақсы. Олардың жағдайын терісі мен салмағына қарап байқауға болады.
«Камераларымызға түскен кезекті видео! Дана өзінен үлкен болып кетсе де балаларын әлі де асырап жүр! Өздері тамақ табатын уақыты келді!»- деп жазды Ержан Еркінбаев Instagram-дағы парақшасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17