|
18.06.2019 | 16:34
4132

Алматыға биыл бір тоқсанның өзінде 100 мыңға жуық турист келген

Қала қонақтарының саны тіпті Азиада мен Универсиада кезінде мұндай дәрежеге жетпесе керек

Алматыға биыл бір тоқсанның өзінде 100 мыңға жуық турист келген

Соңғы 15 жылда биыл алғаш рет Алматыға келетін шетелдік туристердің саны 45%-ға өскен. Статистика комитетінің  дерегі бойынша, биыл бірінші тоқсанның өзінде Алматы қаласына ағылған шетелдік туристердің саны 91 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов мегаполиске келетін шетелдік туристердің саны арта түскенін мәлімдеді. Тіпті Азиада мен Универсиада кезінде де  мұндай дәрежеге жетпеген Алматыға келуші шетелдік туристердің саны бүгінде 25 пайызға артып, 271 мың саяхатшыға  жеткен. Оның 180 мыңы – ішкі туристер.

Тағы бір айта кетерлігі, бір жылдың ішінде қаладағы қонақ үйлер мен хостелдер саны да бұрынғыдан 40 пайызға өсіпті.


Алматыдағы шетелдік туристер саны  

Шетелдік туристер                    45, 9%                 91 300  турист

Туристердің жалпы саны          25,8%                  271 500  турист  

Ішкі туристер                                                           180 200  турист      

қонақ үй                                 

хостел                                            40%

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир