«Almaty Travel Fest 2019» көрмесі аясында 1200-ден астам келісім жасалды

inform.kz
inform.kz
Оның 300 жүзге жуығы ішкі туризмге бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық Туризм және саяхат көрмесін «Almaty Travel Fest 2019» туристер форумы қорытындылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Трэвел-фотографтардың, блогерлер мен туристік бизнес өкілдерінің қатысуымен өтетін саяхатшылар фестивалі осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Онда түрлі елді тамашалап келген отандастарымыз алған әсерлерімен бөлісіп, демалысты қалай ерекше өткізуге болатынына кеңес береді. Солардың бірі – «QazaqGeography» ұйымы өздерінің былтырғы ғылыми экспедициялары туралы баяндады.

«Саяхатшылар өздерінің саяхаттау барысын баяндап мақала жазады. Бұл саяхатты жақсы көретін адамдар пайдалы ақпарат. Мысалы, мен бүгін былтыр өзім қатысқан үш экспедиция туралы айттым», – дейді Qazaq geography экспедициясының мүшесі Нұржан АЛҒАШОВ.  

Осылайша, көрмеге барлығы 350 компанияның өкілдері қатысты. Әлемнің 27 елінен келген туризм саласының 5 мыңға жуық маманы қазақстандық нарыққа енуге құлықты екендерін танытты. Көрме аясында 1200-ден астам келісім жасалса, оның 300 жүзге жуығы ішкі туризмге бағытталған.

Новости партнеров