|
28.02.2020 | 19:41
18187

Коронавирус індетінің кесірінен туризм нарығы 30 пайызға төмендеген

ТМД елдерінен келетін туристердің азайғаны байқалады

Коронавирус індетінің кесірінен туризм нарығы 30 пайызға төмендеген Almaty.tv

Әлемге жайлаған коронавирус індетінің кесірінен туризм нарығы өткен жылға қарағанда 30 пайызға төмендеп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы туристік фирмалар халық жиі демалатын елдерге арналған чартерлік рейстердің күрт азайғанын айтуда. Бүгінде Хайнань бағытына бойынша барлық рейстер  алынып тасталса, Тайланд еліне саяхаттау бағдарламалары едәуір қысқарған. Бұған дейін Египет, Мальдив аралдары сияқты елдерде демалу қымбатқа түскен болса, қазір бұл турлардың бағасы айтарлықтай арзандаған.

Еліміздегі бірегей тур агенттіктердің бірі туризм нарығының деңгейі биыл едәуір бәсеңдегінін алға тартады. Оны сарапшылар коронавирус дертінің ұлғаюымен байланыстырып отыр. Былтырғы жылдың ақпан айымен салыстырғанда туларды сату көлемі 30 пайызға азайған. Әсіресе, Тайландқа арналған турлар қысқарып, Хайнань аралдарына ұшу үшін чартерлік рейстер тоқтататылған. Мамандардың пікірінше, нарықты теңдікте ұстау үшін жаңа туристік бағыттар ашылып жатыр.

«Мәселен, Қытайға, Хайнаньға баратын бағыттарға алынып тасталған кезде,  алдын ала билет алған туристерге ақшасы қайтарылып берілді. Бірақ туристер саяхаттауға бел буған соң, бәрібір демалғысы келеді. Сол үшін біз басқа елдерге саяхаттауды ұсынамыз. Ол  Үндістан, Шри-Ланка, Египет сияқты елдер болуы мүмкін», – дейді  туристік компания директоры Максим Банин.

Сондай-ақ ішкі туризмнің де жағдайы мәз емес дейді мамандар. ТМД елдерінен келетін туристердің азайғаны байқалады. Көбіне елімізге Түркия, Малазия, Үндістан сияқты елдерден туристер көп келетін көрінеді. Туроператорлар бұл елдерде де коронавирусқа байланысты жағдайлар пайда болатын болса, Қазақстанның туризм нарығы 10 мыңдаған шетелдік туристен айырылуы мүмкін.

«Біздің қауымдастыққа келіп, жүгініп жатқан адамдардың саны күн сайын артуда. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан Сеулге баратын рейстердің қысқаруына байланысты шағымдар көп. Өйткені Оңтүстік Кореядағы онкологиялық клиникаларда ем алушылар көп болғандықтан, бұл бағыт қашан да сұранысқа ие», – дейді «Қазақстан туризм қауымдастығы» ЗТҰ ақпараттық-ресурстық орталығының директоры  Алина Дәулетбақова.  

Жалпы қазіргі туристердің ең көп саяхаттайтын елдер қатарында Египет, БАӘ, Мальдив аралдары топ бастап тұр. Онда демалу бағасы бұрын қымбат саналған. Енді туроператорлар бұл бағыттарға арналған бағдарламаларды арзандатуға мәжбүрміз дейді. Сондай-ақ, олар саяхаттаушыларға демалудың түрлі нұсқаларын ұсынуда.

Назкен Еркін, Дина Жанабекова, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир