|
28.02.2020 | 20:15
4726

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған көлік жүргізушілері жауапқа тартылатын болады

Жүргізушілер тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған көлік жүргізушілері жауапқа тартылатын болады

Жолдың жабылғанына қарамастан өтпекші болған көліктің алдында жатып алған жол полицейінің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Оқиға Қарағанды-Теміртау тасжолында болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 ақпанда сағат 20:45-тен бастап "ҚазАвтоЖол барлық автокөлік түрлеріне уақытша шектеу енгізген. Соған қарамастан, бірқатар жүргізушілер өз жолаушыларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіре отырып, қозғалысты жалғастыруға бекінеді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері оларды өткізбеу бойынша шаралар қолданыпты. Жүргізушілер болса, полицияның арнайы көлігін жолдан ысырып, бекеттен өтуге әрекет жасаған. Тіпті тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіпті. Қазір көлік жүргізушілерінің біріне полиция қызметкеріне қасақана шабуыл жасады деген айып тағылып отыр.

«Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған көлік жүргізушілері жауапқа тартылатын болады. Олардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілуде», – деді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Жанатай СЕМБЕКОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир