|
15.09.2023 | 08:12
376

Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті

Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады

Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті Pexels

Эпицентрі Дерна қаласында болған тасқын салдарынан 11 мың адам қаза тауып, 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы РБК Al-Hadath-қа сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ливиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азаматтар мен құтқарушыларды абай болуға шақырды.

«Дерна – соғыстан қалған жарылуы мүмкін қалдықтармен ластанған қала екені белгілі», - делінген хабарламада.

Су тасқыны салдарынан оқ-дәрі мен мина қалдықтары бұрынғы орнынан қалаға шашылған болуы мүмкін, деп ескертті ұйым.

10 қыркүйекте Ливияның шығысына «Даниэль» дауылы төнді. Ол жағалаудағы Бенгази, Дерна және Джабаль әл-Ахдар қалаларына зақым келтірді. Ливия билігі Киренаика шығыс провинциясындағы үш ауданды апат аймағы деп жариялады.

Дауыл салдарынан Дернаны қоршап тұрған екі плотина жарылып, су тасыды. Су адам тұратын кварталдарды шайып, Ливияның шығыс бөлігіндегі жағалау маңындағы үйлерді қиратты. Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады. Мектеп пен дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілді. БҰҰ ұйымы жергілікті және ұлттық деңгейде жедел көмек көрсетуге уәде берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир