Мексикада аптап ыстықтан 90 адам көз жұмды

elements.envato.com
elements.envato.com
14 штатта ауа температурасы 40 градустан асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексикада жыл басынан бері аптап ыстықтан 90 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мексикалық БАҚ хабарлағандай, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси сияқты штаттарда өте жоғары температураның әсерінен қаза тапқандар саны артып келеді. Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 29 мамырдан 5 маусымға дейін 29 адам аптап ыстықтың салдарынан қайтыс болды. Екі мыңға жуық адам ауруханаларға қатты күн өтуі туралы шағымдармен жүгінді.

Ұлттық ауа райы қызметі (SMN) алдағы күндері елде өте жоғары температура толқыны жалғасады деп болжайды. Созылмалы аурулары бар адамдарға белгілі бір сағаттарда қажетсіз далаға шықпауға кеңес беріледі.

Мексиканың ұлттық автономиялық университеті (UNAM) мамырдың соңғы 15 күнінде ел тарихындағы ең жоғары температура болғанын айтты. Мексиканың 14 штатында ауа температурасы 40 градустан асады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 10-16 маусым аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров