Суданның Қызыл теңіз аймағында 16 000-ға жуық қой алып бара жатқан кеме суға батып кетті. Оқиға экологиялық апат қаупін төндіреді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кеме шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмағандықтан суға батқан. Апат кезінде бортта 15 800 бас қой болған. Ал кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген, тек 9 мың бас малды тасымалдай алатын айтылған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын 4 миллион доллар.
Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Бұрын ол Қызыл теңізге жағалауында орналасқан, осы өңірдегі ең басты айлақ болатын. Қазір ол солтүстікке қарай 60 км қашықтықта орналасқан Судан айлағынан кейін, екінші маңыздағы порт.